Израиль Ливандағы "Хезболла" нысандарына соққы жасады. Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін айтты
Израиль қорғаныс әскері "Хезболланың" (АҚШ пен Израиль террор ұйымы деп таныған, бірақ Ливанда заңды саяси күш саналатын қарулы ұйым) шабуылына жауап ретінде Ливанға соққы жасағанын мәлімдеді.
Израильдің солтүстік әскери округінің қолбасшысы генерал-майоры Рафи Милоның айтуынша, соққының Ливанның оңтүстігі мен Бейрутке бағытталған алғашқы толқыны "жоғары шенді бандыларды, штабтарды және террор инфрақұрылымын" нысанаға алды. Бейрутке жасалған алғашқы соққыдан кейін Израиль Ливанның шығысы мен оңтүстігіндегі...