Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор — Айбек Дәдебай
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай айтты.
— Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумға жалпы дайындық жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр деуге болады. Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор. Сондықтан барлық құқықтық рәсімінің сақталуы, заң талаптарының қатаң орындалуы өте өзекті болып тұр. Бұл ретте Орталық референдум комиссиясының атқарар рөлі ерекше болмақ.