Иранда Әли Хаменеидің орнына уақытша басшы тағайындалды
Иранда қаза тапқан Әли Хаменеидің орнына уақытша басшылыққа аятолла Әлиреза Арафи тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ISNA-ға сілтеме жасап.
Иранда жаңа жоғарғы көшбасшыны кейінірек Сарапшылар кеңесі таңдайды, ал оған дейін елді үш адамнан тұратын кеңес уақытша билейді.
Аятолла Әлиреза Арафи - Ирандағы беделді дін қайраткері әрі саяси тұлға. Ол елдің жоғары билік құрылымдарында маңызды және марқұм Хаменеиге жақын адамдардың бірі саналады.
Арафи елді басқаратын уақытша кеңестің жетекші мүшесі болып тағайындалды.