Еш жерде жұмыс істемегендер зейнетақыны қалай алады?
Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ және зейнетақы жарнасын аудармаған қазақстандықтар зейнетақы ала ма? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қордың түсіндіруінше, жинақтаушы зейнетақы тек жеке зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасады. Егер мұндай жарналар болмаса, БЖЗҚ-дан төлем тағайындалмайды.
"Сондай-ақ, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтарға ынтымақты зейнетақы да тағайындалмайды.