Пәкістанда таяқ пен тас ұстаған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасады: қаза тапқандар бар
Пәкістанның Карачи қаласында қолына таяқ пен тас ұстаған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасады. Оларға қарсы оқ атылып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Asianet News-ке сілтеме жасап.
Жексенбіде Карачиде тәртіпсіздік басталды. Тас пен таяқ алып "қаруланған топ" АҚШ консулдығына шабуыл жасап, терезелері мен есіктерін сындырған, сондай-ақ, күзет бекетін өртеп жіберген.
"Куәгерлердің айтуынша, тәртіпсіздікті басу үшін жергілікті қауіпсіздік күштері, соның ішінде пәкістандық әскерилер оқ атқан.