Тоқаев Қатар әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Президент Қатар Мемлекетінің әмірімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.
Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.
Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты...