“Үйге жеттім!“ Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік стример жазба жариялады
Алматыда қазақ қыздарын қорлап, кейін қамауға алынған шетелдік стример Анар Абдуллаев Telegram-да жазба жариялап, үйіне оралғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі минуттық Lego стиліндегі анимациялық видеода Абдуллаев Қазақстанда өзі тап болған жағдайды әзілге айналдырып көрсеткен. Ролик аяғында ағылшын тілінде I’m sorry - "Кешіріңіздер" деген жазу шығады.
"Қазақ халқынан тағы да кешірім өтінемін. Осындай жағдай болғанына өкінемін. Ешкімді ренжіткім келген жоқ, тіпті ешкімнің көңіліне тию ойым да болмады.