Иран елдің әскери басшылығы қатарында қаза тапқандар көп екенін мәлімдеді
Иран кеше Израиль мен АҚШ жасаған шабуылдар салдарынан елдің жоғары лауазымды офицерлерінің қаза тапқаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
IRNA агенттігінің мәліметінше, Қорғаныс кеңесінің хатшысы, адмирал Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы, генерал-майор Мұхаммад Пакпур қаза тапқан.
Сондай-ақ, БАҚ-та республика қорғаныс министрі Әзиз Насирзаде, Қарулы күштер Бас штабының бастығы Абдулрахим Мусави және Барлау министрлігінің қолбасшыларының...