“Төл руханиятымыздың темірқазығы“. Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің құттықтау сөзі:
"Құрметті отандастар!
Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді.