Аяз болады: көктемнің алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер Қазақстанда алдағы демалыс күндері суық болатынын болжады. 1 наурызда елдің басым бөлігінде аязды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-32, күндіз 12-14 градус аяз.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз.