АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасады. Не белгілі?
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасады. Иран ақпарат құралдары бірнеше қалада жарылыс болғанын жазды. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық бағдарламаны дамытып жатыр деп айыптап, оның ракета өнеркәсібін де жоятынын мәлімдеді. Өз кезегінде Иран да Израильге ракета жіберіп, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бірқатар әскери базаларына соққы жасалғаны хабарланды.
ТРАМПТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
АҚШ президенті Дональд Трамп 8-минуттық мәлімдемесінде Иранға қарсы "ірі әскери операциясын" бастағанын хабарлады.