Ербол Қарашөкеев ҮЕҰ өкілдерімен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай өңірдің азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, оларды кәсіби мерекесімен құттықтады.
Өңір басшысы үкіметтік емес ұйымдардың қоғам өміріндегі айрықша рөліне тоқталып, олардың ел дамуы жолындағы сенімді серіктеске айналғанын атап өтті.
– Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, қоғамдағы өзекті мәселелердің оң шешімін табуға белсенді атсалысып келеді. Халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда...