ЕЛ БІРЛІГІНІҢ МЕРЕКЕСІ: ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
2026 жылдың 27 ақпанында Достық үйі ғимаратында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің Жамбыл облысының әкімі, аймақтық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев бастаған қонақтарды қарсы алуымен басталды. Елдегі татулық пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеуге арналған жиында жиналған қауым бір-біріне алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді. Келушілер дәстүрге сай тайқазанға салынған бауырсақ пен күлше наннан дәм татты.