Күйеуін Қытайдан "құтқарған" әйел тағы да түрмеге сабылып жүр. Оралхан Әбеннің сергелдеңі
Таңғы сағат бес. Дала тас қараңғы. Оралхан Әбен түнде дайындаған тамағын көтеріп, Алматыдан Талдықорғанға қарай жолға шықты. Былтыр күзден бері қамауда жатқан күйеуі Тұрсынбек Қабидің сотына қатысу үшін Оралхан өзі еден жуушы болып істеп жүрген мектептегі жұмысынан сұранып, аптасына екі рет Талдықорғанға барады. Тұрсынбек Қаби – Қытайға қарсы бейбіт наразылық акциясына қатысқаннан кейін "алауыздық қоздыру" бабымен істі болған 19 адамның бірі.
45 жастағы Оралханға бұл жол таңсық емес. 2017 жылы Шыңжаңға...