Жамбыл облысында биыл 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі
Жамбыл облысында биыл егіс алқаптарының көлемі 2025 жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға қысқарып, ауыл шаруашылығы дақылдары 623,3 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Өткен жылы 640 мың гектар алқаптан 3,2 млн тонна өнім жиналған болатын. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев хабарлады.
Егістік алқаптарының қысқаруы 2026-2028 жылдар аралығында Ислам даму банкінің қаржыландыруымен 76 каналға жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты.
...