Конституция жобасын сынап жүрген қоғам белсендісі Оразалы Ержанов ұсталды
Алматыда жаңа Конституция жобасын қатаң сынап жүрген Оразалы Ержанов ұсталды. Бұл ақпаратты әуелі оның әйеліне сүйенген журналист Гүлжан Ерғалиева хабарлаған. Оның жазуынша, Ержановты түнде ұстап, тінткен. 10 тәулікке қамаған. Бастапқыда қамау себебі айтылмады.
Қоғам белсендісінің ұсталғанын Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы да хабарлады.
"Алматыда Оразалы Ержановтың ұсталғаны хабарланды. Қазіргі кезде ол Elge Qaitaru қоғамдық қорының құрылтайшысы әрі жетекшісі.