176 шетел азаматы Қазақстан билігінен босқын мәртебесін сұрап отыр
176 адам Қазақстан билігінен босқын мәртебесін сұрап отыр. Қазіргі кезде елде 304 шетел азаматының босқын мәртебесі бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Informburo сайтына берген жауабында осындай мәлімет айтылады.
"Босқын мәртебесін нәсіл, ұлт, сенім, азаматтық, қандай да бір әлеуметтік немесе саяси көзқарасына бола қудалау құрбаны болуы мүмкін шетел азаматы ала алады" деп түсіндірген ведомство.
Ведомство жауабында босқын мәртебесіне өтініш бергендердің қай ел азаматтары екені айтылмаған.