Қазақстан ресейлік белсенді Емельянованы экстрадициялауды уақытша тоқтатты
Қазақстан ресейлік белсенді, Навальный штабының Санкт-Петербургтегі бұрынғы өкілі Юлия Емельянованы экстрадициялауды уақытша тоқтатты. Белсендінің босқын мәртебесін сұраған өтініші қаралып жатқанда елден шығарылмайды. Бұл туралы Емельянованың адвокатына сілтеп, "Ковчег" құқық қорғау жобасы мәлімдеді.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, белсендінің ісі бойынша келесі отырыс 27 ақпанда өтпек.
Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін Ресейдің Емельянованы экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған еді.