Белсенді Әлнұр Ілияшев президент Тоқаевты сотқа берді
Белсенді Әлнұр Ілияшев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум тағайындау туралы жарлығының заңдылығын даулап, сотқа шағым түсірді. Бұл жөнінде белсенді желіде хабарлады.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты шағымды тіркеген.
Белсендінің түсіндіруінше, 15 наурыз күнгі республикалық референдумға “азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуы мүмкін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын өзгертуі ықтимал” жобаны қабылдау мәселесі шығарылып отыр.