Мойынқұм ауданында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімі ашылды
Сенбі, 21 ақпан күні Мойынқұм ауданында 28 мыңға жуық ауыл тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлі және облыстық ТЖД бастығы Арман Тоқанов қатысты.
Ведомство басшысы өрт сөндіру бөлімшелерін жаңғырту жұмыстары қызметкерлерге заманауи жағдай жасауға және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
...