Жамбыл: №41 мектеп-гимназиясында қаржылық және цифрлық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті
Тараз қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қаржылық және цифрлық қауіпсіздікке арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өткізді.
Кездесу «Қаржылық тәртіп пен құқықтық мәдениет: ата-ананың үлгісі» тақырыбына арналды. Шара барысында қаржылық сауаттылықтың маңызы, жеке шешімдер үшін жауапкершілік және жастардың заңға құрметпен қарауын қалыптастырудағы ересектердің жеке өнегесінің рөлі кеңінен түсіндірілді.