Атырау облысындағы ерлі-зайыптының қазасына күдікті Индонезияда ұсталды
Атырау облысы Қызыл қоға ауданы Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптының өліміне күдікті Индонезияда ұсталды. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке ілінген" деп жазылған ресми хабарламада.