Депутаттар қазақстандық элитаның Джеффри Эпштейнге ықтимал қатысын тексеруді сұрады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) фракциясы атынан парламентке сайланған мәжіліс депутаттары бас прокурор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасынан Қазақстан элитасының америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланысын тексеруді сұрады.
Фракция жетекшісі Асхат Рахымжанов ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерге құқықтық баға беру қажеттігін де алға тартты.
"Жарияланған құжаттарда мемлекеттік маңызды лауазым атқарған "Ескі Қазақстанның" саяси элитасы өкілдерінің аты-жөндері аталады.