"Сауалға тыйым салғаны – қорыққаны". Жанар Жандосовамен сұхбат
Қазақстанда сайлау я референдум кезінде қоғамдық сауалнама жүргізу заң жүзінде шектелген. Оны өкімет рұқсатынсыз жүргізу заң бұзуға жатады. Сауалнама жөніндегі маман Жанар Жандосова қоғам көңіл күйін тәуелсіз бағамдауға мүмкіндік қалдырмау билік шешімдеріне деген сенімнің азаюына ықпал етеді дейді.