"Парламент реформасының тасасында президент өкілетін күшейту тұр". Конституцияны өзгерту жайлы Әлжановпен сұхбат
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша 15 наурызда болатын референдум қарсаңында үгіт-насихат күшейді. Қазақстандық саясаттанушы Димаш Әлжанов International IDEA сайтына жариялаған мақаласында "елдегі парламент реформасы президенттік монополияға жасалған фасад" деп санайды. Азаттық саясаттанушымен сұхбаттасып, Қазақстанда ұсынылып жатқан саяси реформаларды талқылады.
Азаттық: International IDEA үшін жазған мақалаңызда реформаның тым жылдам әзірленіп, қысқа мерзімде референдумға шығарылғанын айтасыз.