Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің жер қойнауын зерделеу және еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен 2026 жылы кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаражат 1:50 000...