Астана тұрғыны 15 тәулікке қамалды. Ол Конституция жобасын сынаған
Астана тұрғыны Қантемір Алмышев 15 тәулікке қамалды. Ол бұған дейін Threads желісінде биліктің әрекеті мен ұсынылған Конституцияға түзетулерді сынаған. Алмышевтің қамалғанын әйелі хабарлады.
Сот шешімінде Алмышев биыл "9 ақпанда Threads желісінде балағат сөз айтып, пост жариялағаны, осылайша айналасындағыларға құрмет көрсетпегені және қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны жазылған". Оған 434-бап 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бабы бойынша айып тағылған.
Сот шешімінде оның "тағылған айыппен келіскені және өкінгені" жазылған.