Көкшетауда ЖОО оқытушысы интернет-алаяқтың құрбаны болды
Көкшетауда интернет-алаяқтың құрбаны болған оқытушы 7,6 миллион теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға арыз 19 ақпанда түскен. Жәбірленушінің айтуынша, бәрі телефон қоңырауынан басталған. Біреу өзін оқу орнының заңгері ретінде таныстырып, оның жеке ісіне полицейлер "қызығушылық танытты" деп хабарлаған. Сондай-ақ, жақын арада өзге адамдар хабарласып, "көмектесу" керек болатынын ескерткен.
Біраз уақыттан кейін әйелге шынымен де басқа белгісіз адамдар қоңырау шала бастаған.