Семейде қаладан ауылға көшетіндерге 1,5 млн теңгеге дейін қолдау ұсынылды
Семейде жергілікті билік қала тұрғындарын шалғай ауылдарға көшіруді көздейтін арнайы бағдарламаны іске қосты. Қаланың қарбалас тірлігінен ауылдың жайлы өміріне көшкісі келетіндерге әкімдік қолдау көрсететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ауылға қоныс аударуға ниеттенген отбасыларға алғашқы жарнаға 1,5 миллион теңгеге дейін қаржы бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, бизнес ашуға немесе мал шаруашылығын қолға алуға көмек беріледі. Кәсіпкерлер грант алып, жылына...