Қарағандыда пәтер ұрлығы бойынша күдікке ілінген топ ұсталды
Қарағандыда пәтер ұрлығына қатысы бар деп күдікке ілінген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Арнайы операцияны криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы жасағының қолдауымен жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арнайы операцияның видеосын өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты. Кадрлардан ер адамдар алдымен ауланы аралап, кіреберістерді қарап, пәтерлерді мұқият бақылағаны көрінеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар осылайша ұрлық жасайтын нысандарын таңдаған. Кейін күдіктілер терезе торларын сырып...