Тоқаев Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагерін құттықтады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен тақ мұрагері, премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады.
Президент Сауд Арабиясын еліміздің ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы...