Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
22 ақпан - Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарының соңғы жарыс күні. Бүгін Қазақстан құрамасының екі спортшысы бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шаңғы жарысынан әйелдер арасында 50 шақырымдық масс-старт өтеді. Жарысқа Надежда Степашкина мен Анна Мельник қатысады.
Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады.
Барлық жарысты тікелей эфирде Qazsport, сондай-ақ, Jibek Joly және Хабар телеарналарынан тамашалауға болады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар.