“Әйелдің ішкиімін киіп, суретке түскен“ ер адамның ісіне қатысты жаңа дерек айтылды
Петропавлда әйелі мен балаларын соққыға жығып, әйелдердің ішкиімімен түсірілген ерсі видеолар жариялап жүрген ер адам ата-ана құқығында шектелді. Сот дәл осындай шешімді оның әйеліне қатысты да қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұл оқиға былтыр қарашада белгілі болды. Көпбалалы анаға қатысты зорлық-зомбылық туралы дабыл "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда жәбірленуші әйел күйеуінен қорлық көріп жүргенін, соның салдарынан мүгедектікке ұшырағанын айтқан.