Допинг дауы: WBO Жәнібек Әлімханұлын бокстан шеттетті
World Boxing Organization қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол бокстан 1 жылға шеттетілді. Шеттету мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап есептеледі. Соған сәйкес, Жәнібек биылғы желтоқсанда қайтадан рингке шыға алады.
Шеттету уақытында Жәнібекке рингке шығуға толық тыйым салынады: бұл талап ресми кездесулерге де, көрме жекпе-жектеріне де қатысты. Ал мерзімі аяқталған соң, ол Бентли – Сааведра кездесуінің жеңімпазына қарсы міндетті...