Дональд Трамп барлық елге 10 пайыз қосымша баж салығын енгізді
АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елден әкелінетін тауарларға 10 пайыз қосымша кедендік баж енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.
"Ақ үйде жаңа ғана барлық ел 10 пайыз жаһандық баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойдым. Ол бірден күшіне енеді", – делінген жазбада.
Трамп бұл бастаманы бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты 2025 жылғы сәуірде енгізілген жаһандық тарифтерді заңсыз деп танығаннан кейін жариялаған.