600 миллион теңге: Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты
Шымкенттегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаржы пирамидасын құру және жүргізу іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Іс бойынша 10 адам сот алдында жауап берді. Олардың бірі қылмысты кәмелетке толмаған кезінде жасаған.
Сот дерегінше, пирамиданы ұйымдастырған К. есімді әйел 2024–2025 жылдары әлеуметтік желілер арқылы өзін "инвестициялық жоба" ретінде жарнамалап, адамдарға тез әрі жоғары табыс уәде еткен.