Қазақстанда 2025 жылы балмұздақ экспорты импорттан асып түсті
2025 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорт көлемінен асты. Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 14 167 тоннаны құраса, импорт 12 194 тонна болды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Аталған көрсеткіш саладағы жүйелі өзгерістерді және отандық өндірушілердің халықаралық нарықтардағы позициясының нығаюын айқындайды.
«Шин-Лайн» компаниясының корпоративтік мәселелержөніндегі вице-президенті Омарбек Жұлдыздың айтуынша, қол жеткізілген нәтиже...