Туыстары Марат Жыланбаевтың денсаулығына алаңдап отыр
Қамаудағы белсенді Марат Жыланбаевтың кіші қызы Анель әкесінің аштық ұстағанына 44 күн болғанын айтып, оның жағдайы ауыр екенін, әкесінің денсаулығына алаңдап отырғанын жеткізді. Айтуынша, оларға түрмеден хабарласып, әкесін қатаң ұстау жағдайына ауыстырғанын айтқан.
"1 қаңтардан бері таксофонмен байланыс жоқ. Осы уақыт бойы әкем жалғыз адамдық камера отырған. Қарсылық ретінде ол аштық жариялаған, қазір аштықтың 44-і күні" деді Анель.
Оның сөзінше, қатаң ұстау жағдайына көшірілмей тұрып әкесі 14 күн карцерде болған.