"Бар мүмкіндігін көрсеткен" Самоделкина ондыққа енді. Ол алда қиын элементтер жасауды мақсат етеді
Миландағы қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық София Самоделкина 10-орын алды. Ол олимпиадада "бар мүмкіндігі мен дайындығын көрсеткенін" айтты. Самоделкина мұндай ірі жарыстарда жүлде алу үшін үш айналым аксель, төрт айналым қиын элементтерді секіру керегін түсінеді.