Ербол Қарашөкеев 13 жастағы қызды құтқарған тараздық тұрғынға алғыс білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 13 жастағы жеткіншекті қаскөйлерден арашалап қалған тараздық азамат Нүркен Омаровқа құрмет көрсетті.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 17 ақпанында Тараз қаласындағы автобус аялдамаларының бірінде екі ер адам жасөспірім қызды көлікке күштеп отырғызуға әрекет жасаған. Дәл осы сәтте оқиға куәсі болған Нүркен Омаров бейжай қарамай, батыл қимылға көшіп, мектеп оқушысын ұрлауға оқталу дерегінің алдын алды. Оның жедел әрі табанды әрекетінің арқасында қыз бала қауіптен аман қалды.