Отарда сарбаз соққыға жығылғаннан кейін әскери бөлім басшылығы қызметтен босатылды
Қазақстанның қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Отар кентіндегі әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылғаннан кейін "кадр жөнінде шешім қабылданғанын" хабарлады.
"Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбазға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілді" деп жазылған ресми хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша...