Қытай Қазақстанға үш электр станциясын салып береді
Қытай Қазақстанда алдағы бірнеше жылда үш электр станциясы: екі жел және бір күн электр станциясын салады. Бұл жөнінде энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты. Оның сөзінен Ulysmedia үзінді келтіреді.
- Қытаймен келісім бойынша үш жоба бар. Біріншісі ірі жел электр станциясы. 1000 мегаваттық ЖЭС Павлодар облысында салынады. Екіншісі 500 мегаваттық ЖЭС Қарағанды облысында салынады. Бұған қоса, 300 мегаваттық күн электр станциясы Түркістан облысында салынады. Жобалық компания ғой. Негізгі инвестор – Қытай.