Қазақстанда Ораза басталды, ол 29 күнге созылады
19 ақпанға қараған таңда ораза ұстайтын қазақстандықтар ауызашарға тұрып, ауыз бекітті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жариялаған кестеге орай, мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады. Ораза 29 күнге созылады.
Бейсенбі күні таңертең Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
"Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл.