Қытай көктем мерекесін тойлап жатыр
Қытай тұрғындары 17 ақпан түні ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын білдіретін Көктем мерекесін қарсы алды. Жылқы жылын мерекелеу құрметіне елде тоғыз күндік демалыс басталды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мерекені ресми түрде бастады. Халық жиналыстарының үлкен залында сөз сөйлеген Қытай басшысы елдегі және шетелдегі отандастарын құттықтап, кіріп келген жаңа жылдың ерекше символизмін атап өтті.
Си Цзиньпиннің айтуынша, қытай мәдениетінде жылқы энергияны...