Жанар Секербаеваға қарсы іс "Ұрып-соғу" бабы бойынша тергеледі
Feminita негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваға қарсы іс "Ұрып-соғу" (Қылмыстық кодекстің 109-1 бабы) бабы сараланады. Бұл жөнінде Жанар Секербаева хабарлады.
"Мені белсенділігім үшін және ориентациям үшін жазалағысы келеді. Feminita-дағы әріптестеріммен бірге 11 жыл бойы Қазақстандағы ЛГБТИК+ өкілдерінің құқықтарын қорғағаным үшін бе? Қорықпай өмір сүріп, белсенділікті тастамағаным үшін бе? Әділетсіздік, дискриминация, әйел құқығының бұзылуымен жан-тәніммен күресемін. Осындай лас арандатушылықтарды...