Самоделкина "олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берген" Қазақстанға алғыс айтады
Италиядағы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан кейін қазақстандық София Самоделкина 12-орында келеді. Олимпиада кезінде журналистер спортшыдан нәтижесі жайлы ғана емес Ресейден Қазақстанға ауысуы мен АҚШ-тағы жаттығу туралы сұрады.
"МІНСІЗ СЫРҒАНАУ"
София Самоделкина қысқа бағдарламада 68,47 ұпай иеленді. Бұл – оның биылғы маусымдағы жарыстарда алған ең жоғарғы ұпайы.
Музыка аяқталған бетте Самоделкина бағдарламасын таза сырғанап шыққанына қуанды. Аренаға...