Алматы соты Азаттық тілшісіне "сайлау жайлы қоғамдық сауалнама жүргізгені" үшін айыппұл салды
17 ақпанда Алматы қаласының әкімшілік соты "Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу" бабы бойынша айыпталған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігі) Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, журналистің отбасы жағдайын ескеріп, айып мөлшерін 30 пайыз азайтты. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
Әкімшілік іске тілшінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қойған сауалы ("референдумға барасыз ба?") түрткі болған.