Қазақстанда аккумулятор бағасы қанша
Қазақстанда көлік аккумуляторының бағасы өңірлер мен батарея сыйымдылығына қарай әртүрлі болып тұр. Kazinform тілшісі барлығы 19 қаладағы бағаны салыстырған кезде қай өңірде аз, қай аймақ жүргізушілері көп ақша шығындайтынын білді.
40-60 А/сағ аккумуляторы: ең төмен және ең жоғары баға
Сұранысқа ие 40-60 А/сағ сыйымдылығындағы аккумулятор бағасы ірі мегаполистерде жоғары болып тұр.
Ең арзаны Тараз бен Түркістан қалаларында сатылып жатыр. Мұнда баға 25 000 теңгеден басталады.