"Олимпиаданың басты сенсациясы". Шайдоровтың жеңісі жайлы халықаралық басылымдар не жазды?
Мәнерлеп сырғанау – қысқы олимпиададағы танымал спорттың бірі. Бұл спортта олимпиада чемпионы, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем назары ауады. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Милан олимпиадасындағы жеңісі жайлы халықаралық медиа не жазып жатыр?
Халықаралық басылымдар мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы бәсекеде айқын фаворит болған Илья Малининнің (АҚШ) жеңілісі мен қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрған 21 жастағы Шайдоровтың жеңісін "шок нәтиже" деп бағалап жатыр.