«Референдум–2026» онлайн марафонында Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциясы жобаның маңызын түсіндірді
ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов онлайн марафон барысында жаңа Конституция жобасының және оның Преамбуласының маңыздылығына тоқталды.
«Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл норма Қазақстанның жас мемлекет емес, тарихы тереңде жатқан ел екенін көрсетеді», — деді ол.
Бақыт Нұрмұханов Конституция жобасындағы жаңа бөлімді де атап өтті.